Іс-шараға облыс және қала мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Таныстырылым барысында музей залдарына экскурсия жүргізілді.
Атап өтсек:
1 зал — «Дәуірлер тоғысындағы Ұлытау», Өңіріміздің тарихи, табиғи даму кезеңдерінен бастап түрлі мәдениетке дейінгі экспозицияларды қамтиды. Палеонтология бөлімінде Алып мүйізтұмсықтың реконструкциясы, Жерасты пештің мильтимедиялық диорамасы көрсетілген.
2 зал — «Ұлытау ғасырлар шежіресі» — Ұлытаудың дала өркениеті мен қазақ мемлекетінің тарихи өзегі болғандығын айғақтайтын экспозиция залынан құралған. Талмас ата кесенесінен табылған ер адамның гиперреалистік мүсіні, «Бұланты шайқасы» мультимедиялық диорамасы жаңа экспозициялар. Бұл залда сақтар кезеңінен ХIX ғасырдың тарихы археологиялық,тарихи, мәдени құндылығы жоғары жәдігерлермен тарихи сабақтастық көрсетілген.
3 зал — XX ғасырдың қоғамдық — саяси тарихына арналған. Алаш зиялылары, Степлаг, Екінші дүниежүзілік соғыс, ауылшаруашылықтың дамуы көрсетілген.
4 зал — Қазыналы өлке тарихы залы мұнда өлке өндірісінің дамуы, алғашқы геологтар, Қ.Сәтбаевтың голограммасы, Жезқазған қаласының тарихы,Ғарыш айлағы, Чернобыль,Ауған соғысы,Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысқан жауынгерлердің ерлік тарихы, Желтоқсан оқиғасы, «20-шы облыстың — 20 елеулі оқиғасы» концепциясы негізінде Ұлытау облысының жетістіктері,халықаралық фестивальдері, рекордқа енген жерлестеріміз туралы фотосуреттер мен экспонаттар арқылы берілген.Мемлекет басшысының Ұлытау облысында туризм кластерін дамыту мақсатында облысымыз бойынша 9 туристік маршруттар, туроператорлар көрсетілген туристік картамен аяқталады.
Жаңаланған музей экспозицияларына архивтік деректер, облыстық музей қорындағы құжаттар, фотосуреттер мен тарихи, мәдени, археологиялық экспонаттар қосылып, жалпы музей залдары 60 пайыз жаңа экспонаттармен толықты.








