Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш миссиясы: белгісізге қадам» атты квест-ойыны Ғарышкерлер бақжолында өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын ояту.

Қатысушылар квест барысында түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады, ғарыш әлемінің сырларына бір табан жақындай түсті.

Аталған шара қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығы мен Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналды.