Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Айман Керліқұлқызы Яриханова мен «Қор» секторының меңгерушісі Марал Ермұханқызы Аққұлова Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейіне іссапармен келді.

Кездесу барысында қонақтар музейдің экспозициялық жұмыстарының ұйымдастырылуымен, қор сақтау жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар музей қызметкерлерімен кәсіби тәжірибе алмасып, музей ісінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара аясында қонақтар Маңғыстау өңірінің тарихы мен мәдени мұрасын насихаттайтын бейнеролик ұсынып, өз мекемелерінің қызмет бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстары мен жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Екі тарап арасында музей ісін дамыту, мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері бойынша мазмұнды әңгіме өрбіді.

Мұндай кездесулер музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу арқылы саланың дамуына оң ықпал етеді.