Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесе отырып, «Мәңгілік естелік: өткен күннің тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізді. Литвадан келген қонақтар музей залындағы Степлагтың №3 бөлімшесіне арналған экспозициямен танысты. Жиын барысында тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы сөз болып, репрессия құрбандарының ұрпақтары өз әулеттерінің тарихын баяндады.

Илона Клусайте рухани байланыс туралы айта келе, осы кездесуге арнайы жазған шығармасын орындап берді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету ісімен ұзақ жылдар бойы айналысып келе жатқан сәулетші Альгис Вишнюанс тарихи деректермен бөлісті. Музей қоры Кеңгір көтерілісінің тарихын баяндайтын Альгис Вишнюанстың кітабымен және мемориалды ескерткіштің сызбасымен толықты. Кездесу соңында қатысушылар бейбітшілік пен тарихи сабақтастықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.