Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Жезказганский вестник» газеті редакциясының қолдауымен және Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының 70 жылдығы мен Виктор Иванович Шавневтың мерейлі 70 жасқа толу құрметіне орай “Мир моими глазами” атты фотокөрме өтті.

Іс-шараның мақсаты —  автордың шығармашылық фотосуреттері мен Жезқазған қаласының фототізбесін үйлестіре келе өскелең ұрпаққа дәріптеу. Көрмеге қаламыздың басшылары, зиялы қауым өкілдері,қоғамдық ұйымдардың және ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері, архив және кітапхана, музей қызметкерлері қатысты.

Фотокөрме мерейлі мерекелерге арнайы дайындалған фотослайдты тамашалаудан басталды.

Алғы сөзін Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.К.Әбдуалиева алып, басқа да облыстық және қалалық бөлім басшылары, БАҚ саласындағы 20 жылдық өмір жолында бірге істеген қызметтестері мен әріптестері, қоғам қайраткерлері, қызметін сыйлаған бірқатар қоғамдық және мекеме басшылары сөз алып, Виктор Иванович Шавневтың мерейлі 70 жасқа толу құрметіне орай өз лебіздерін білдіріп, мерейлі мерекесіне арнаған сый-сыяпаттарын тарту етті.

Іс шараның көркін ҚР еңбек сіңірген артисі Ғалым Мұхамединннің орындауындағы Әбілахат Еспаевтың «Туған ел» әні, жастар хорының жетекшісі М.Ф.Павлованың шәкірттері Ә.Санжар мен Н.Әбишевтың салған әндері қыздыра түсті.

Кеш аясында қоғамның жаршысы бола білген қалалық басылым «Жезказганский вестник» газетінің биылғы үлкен мерекеге тұспа-тұс келген мерейлі 10 жылдығы еді.

Осы уақыт ішінде редакция ұжымы өз оқырмандарын тауып, жақсы жетістіктерге жете білді. Газеттің бас редакторы Алпанбаева Эльвира Қадіржанқызы журналистика саласындағы жетістіктері мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Сөз кезегін алған газеттің бас редакторы Алпанбаева Эльвира Қадіржанқызы өз естеліктерімен бөлісіп, көпшілік қауымға және Виктор Ивановичке өз алғысы мен тілектестігін білдірді.

Артынша іс-шара фотокөрменің иесінен Блиц-сұқбат алумен жалғасты.

Музей басшысы Калменова Зағира Шорақызының музей атынан берген сый-сыяпаттары мен шынайы ақ тілегінен соң кездесудің ең маңызды сәті, Виктор Ивановичтің жеке қорынан алынған фотожинақтамалардан құралған көрменің тұсаукесу рәсімімен жалғасын тапты. Көрменің тұсауын қаламыздың ардагер журналисі А.Рахұлы мен «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Э.Қ.Алпанбаева кесті. Осылайша фотограф Виктор Иванович Шавневтің «Мир моими глазами» фотокөрмесі қала тұрғындарына өз есігін ашты.

Маңызы мол тәрбиелі де өнегелі іс-шара естелікке фотосуретке түсумен өз мәресіне жетті.