Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Іс-шараға №1 ЖББ мектебінің 5 “А” сыныбы оқушылары сынып жетекшісі Толықбаева Мархаба Болатқызымен бірге қатысты. Сабақ барысында оқушылар зиянды әдеттердің адам өміріне тигізер кері әсері туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын сурет арқылы жеткізді.

Балалардың салған суреттері – олардың салауатты өмір салтын таңдауға деген ұстанымының айқын көрінісі. Белсенді қатысқан оқушыларға музей атынан кішігірім сыйлықтар табысталды.

Өскелең ұрпақтың саналы, дені сау, жарқын болашағы үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.