Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде «Отырар мұрасы: қалалық мәдениет, ғылым және руханият» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған көрме Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бірлескен жобасы ретінде ұйымдастырылды.

Бұл көрме аясында «Отырар» музей-қорығы тарапынан 280-ге жуық бірегей экспонат ұсынылып, келушілерге көне Отырар өркениетінің бай мұрасымен танысуға мүмкіндік жасады.

Салтанатты шара барысында арнайы қонақтар сөз сөйлеп, көрменің маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, қоғам қайраткері, «Кіші Жібек жолымен» экспедициясына қолдау көрсеткен Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы көрменің тарихи және рухани мәніне ерекше назар аударды.

Шара барысында Ұлытау мен Отырар өңірлерінің тарихи сабақтастығы, Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени және ғылыми байланыстары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, мәдени бағдарлама ұсынылып, көрермендер ұлттық ән-күйден рухани әсер алды.

Іс-шараның маңызды сәті – көрменің ашылуын білдіретін лента қию рәсімі болды. Лента қию құрметін:

– қоғам қайраткері Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы,

– Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Табылдин Мағжан Еренғайыпұлы,

– Қазақстанның құрметті журналисі, баспасөз ардагері Амандық Рахұлы,

– «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы иеленді.

Әрі қарай қонақтар Отырар музей-қорығынан әкелінген бірегей экспонаттармен танысып, арнайы экскурсияға қатысты.