«Балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК «Сәндік қолданбалы және көркем өнер» бөлімі мен Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі бірлесіп ұйымдастырған талантты ұстаз, үздік педагог Жұмабек Біләлұлы Тукеновтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ рухын қылқаламмен өрнектеген…» атты сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның шымылдығы Сағынтаева Тоғжан Ердешовнаның жетекшілігіндегі «Балдәурен» домбыра үйірмесінің күмбірлеген күйімен ашылды.
Көрмеде қылқалам шеберінің жеке туындылары мен шәкірттерінің үздік 100 жұмысы ұсынылды. Бұл – ұстаздың жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жарқын жемісі.
Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, жүрекжарды лебіздер жолданды. Атап айтқанда:
- Жезқазғанқаласыбілім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Күнеділова Ләззат Асановна;
- Ұлытауоблыстықтарихи-археологиялық музейінің басшысы Зағира Шорақызы;
- Мерейтойиесініңағасы Жұмабай Біләлұлы;
- Әріптестері мен ата-аналарқауымы.
Көрменің салтанатты ашылу лентасын Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің басшысы Зағира Шорақызы, Жұмабай Біләлұлы және білім бөлімінің кәсіподағының төрайымы Күнеділова Ләззат Асановна қиып, өнер кешіне ерекше мәртебе берді.
Музыкалық және шығармашылық нөмірлермен өрілген тағылымды кеш соңында қонақтар суретшінің еңбектерімен танысып, рухани әсер алды.
Ұлт рухын қылқаламмен сөйлеткен ұстазға шығармашылық табыс, толайым жетістік және мықты денсаулық тілейміз!

