Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Музейдегі қызықты археология: жазғы лагерь балалары өткен тарихтың құпиясын ашты!

«Workshop: Археология балаларға» жобасы аясында музейімізде ерекше интерактивті практикалық сабақ өтті. Бүгін облыстық музейге №8 гимназия мен №4 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қонаққа келді. Практикалық сабақ барысында балалар нағыз далалық археологияның атмосферасына еніп, имитациялық қазба алаңында жұмыс істеп, мамандардан дәріс алды. М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің ғылыми қызметкері, археолог Алтынай Бирмуханова балаларға қазба жұмыстарының негізгі кезеңдерін іс жүзінде көрсетіп, бағыт-бағдар берді. «Қызықты археология» жобасының жетекшісі Эльвира Мухамедина жас зерттеушілерге табылған жәдігерлерді қалай дұрыс құжаттап, фиксация жасау (өлшеу, картаға түсіру және сипаттау) керектігін үйретті.

Жас зерттеушілерге қолдау көрсету үшін іс-шараға «Ауыл» партиясының мүшелері — «Ауыл» партиясы Ұлытау облысы өңірлік филиалының аппарат басшысы Гүлнұр Толысбаева, үйлестіруші Алтын Боранбаева, Айсұлу Ермұханқызы, партияның белсенді мүшесі, «Мейірім құшағы» комиссия мүшесі Ақжарқын  Ғалымқызы арнайы қатысты. Олар балалардың ынтасын жоғары бағалап, болашақ археологтарға жарқын көңіл-күй сыйлайтын сый-сияпат жасады.

Біздің кішкентай қонақтарымызға қолдау көрсеткен «Ауыл» партиясына алғыс айтамыз! Тарихты бірге тану әлдеқайда қызықты!