Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында музей қабырғасында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған өлкенің шежірешісі» атты библиодесант өтті.

Аталған шара Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтің туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесіп музейлік сабақ өткізіліп, қатысушыларға тұлғаның өмірі мен еңбектері кеңінен таныстырылды.