Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде қазақтың қайсар қаламгері, жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевнің 110 жылдығына арналған «Жауынгер жазушы» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Іс-шараға №3 мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, Баубек Бұлқышевтың өмір жолы, шығармашылығы мен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы тың мәліметтермен танысты.
Кездесу барысында музей қорындағы материалдар көрсетіліп, қаламгердің өлеңдері мен майданнан жазған хаттары оқылды. Сонымен қатар оқушылар назарына жазушының өмірі туралы бейнеролик ұсынылды.
Тағылымды шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіріп, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, музей залдарына экскурсия жасады.

