Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай «Жезқазған – Қазақстанның мысты інжу-маржаны» атты дәріс-сабағы өтті.

Аталған шараға №8 гимназияның 9-сынып оқушылары қатысып, Жезқазған өңірінің табиғи байлықтары, өлкеміздің геологиясы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы кеңінен таныстырылды.

Дәріс соңында оқушылар музей залдары бойынша экскурсияға қатысып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Танымдық шара оқушылардың туған өлке тарихына және ғылымға деген қызығушылығын арттырды деп сенеміз.