Жезқазғанға келген Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Jun Yamada бастаған жапондық делегациясы Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне келді. Делегация құрамында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Jun Yamada, хатшы Akira Ohira, Жапондық компаниялардың өкілдері: Inpex компаниясының өкілі Ryota Ito, ОА кеңсесі, Komatsu компаниясының өкілі, Fuminobu Itahashi, жапондық ОА зерттеу қоғамының өкілдері Shunsuke Ajikata, Takashi Kurosawa және Yayoi Ichinoe болды.
Келген қонақтар ішіндегі Степлаг тақырыбын зерттеуші Shunsuke Ajikata музей қорына тарихи кітаптар сыйға тартты. Атап айтсақ, 2002 жылы Есиюки Куросаваның «Танец сердца» деген кітабы саяси тұтқында болған шетелдіктердің басынан кешкен қиындықтары туралы естелік кітабы болса, екінші кітап 1955 жылғы Ямасу Горо автордың «О режиме Карлага» еңбегі. Бұл кітапта Степлаг лагері жайлы сол кездегі саяси жағдайды сипаттайды.
Степлаг тарихын зерттеуде бұл кітаптардың рөлі аса маңызды.
Аталған кітаптар музей қорына өткізілді. Жапониядан келген қонақтар тілек альбомына жазбаларын қалдырды.