Жаңалықтар
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде екі күндік іссапармен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының археологы, PhD, аға ғылыми қызметкері Ержанова Альбина Ергешбайқызы және аталған институттың кіші ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Ботанов Дияр Ертесбайұлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Іссапар барысында мамандар Талдысай қонысында 1994–2001 жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған тас және сүйек бұйымдарына трасологиялық […]
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақ жеріндегі ежелгі өркениет үлгісі – «Арыс мәдениеті» атты көшпелі көрменің ашылуына арналған баспасөз коференциясы мен көрменің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығы, музей саласының мамандары, ғылыми қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері және зиялы қауым өкілдері […]
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризмнің алдын алу – қоғамның ортақ міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – терроризмнің алдын алу мәселесіне назар аудару, музей қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі сабырлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара аясында «Музей қызметкерінің 5 қадамы» қағидасы таныстырылып, қауіпсіздікке […]
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музейде «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби-музыкалық танымдық кеш өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, ақынның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесін кеңінен таныту және ұлы ойшылдың шығармалары арқылы жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейту. Кеш барысында қатысушылар […]
Өлке тарихы мен мәдени мұрасымен танысу мақсатында облыстық музейге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Кэти Коттрелл арнайы келді. Экскурсия барысында қонақ музейдің экспозициялық залдарын аралап, Ұлытау өңірінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихымен, археологиялық ескерткіштерімен, өңірдің геологиялық байлығымен және Ұлытау–Жезқазған аймағын зерттеп, игеруге үлес қосқан алғашқы геологтардың, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған экспозициялармен танысты. […]
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесе ұйымдастырған «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты республикалық жылжымалы көрменің ашылуына арналған баспасөз конференциясы мен салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығы, музей саласының мамандары, ғылыми қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері және зиялы қауым қатысты. Баспасөз […]
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде №3 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «ЭтноPlayZone» интерактивті экскурсиясы өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тарихы, тәрбиелік мәні мен мәдени маңызы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Экскурсия соңында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, бес тас, арқан тарту және қол күрес бойынша […]
Ұлттық Домбыра күніне орай Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты танымдық кинолекторий өтті. Іс-шараға №11 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қатысып, қазақтың қасиетті қара домбырасының шығу тарихымен, құрылымдық ерекшеліктерімен және музей қорында сақталған құнды домбыралармен танысты. Бағдарлама барысында балалар назарына күй өнерінің құдіреті мен халқымыздың тағылымды аңызын арқау еткен «Ақсақ құлан» […]
Музей қабырғасында «Балғын бағытшы» жобасы аясында №3 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне «Speaking Lab» форматындағы «Мен экскурсия жүргізушімін!» атты ерекше сайыс өтті. Кездесуге арнайы шақырылған кәсіби гид Мұхамбетов Сағадат балалармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, гид қызметінің қызығы мен қиындығы толы кәсіби сәттермен бөлісті. Өз белсенділігімен ерекшеленген Өмірзақ Әділге Сағадат Болатұлы кітапты сыйға тартты. Шара барысында […]
«Paleo Quest: алыптың ізі» палеонтологиялық практикалық танымдық сабағында №22 мектептің оқушылары Қазақстан аумағында өмір сүрген ең алып құрлық жануары – парацератерийдің құпиясын зерттеді. Квест барысында балалар: Музей залында алып мүйізтұмсықтың табан сүйегін зерттеді; Қазба алаңында қылқаламмен «сүйектерді» тауып, құпия шифрді шешті; «Мұзды капсулаларды» жылы су мен тұздың көмегімен ерітіп, ішіндегі ежелгі жануарды құтқарды Ең бастысы, […]
