Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде «Қамшы және салт-дәстүр» тақырыбында этнопедагогикалық танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға №9 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары қатысып, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасының маңызды бір бөлшегі саналатын қамшының тарихы, түрлері және жасалу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сабақ барысында қамшыға қатысты халқымыздың салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдары кеңінен түсіндіріліп, балалар ұлттық дүниетанымға қатысты тың мәліметтермен […]

Толығырақ

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде №7 жалпы білім беретін мектептің жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары — 4-5 сынып оқушыларына арналған «Өз жәдігеріңді жаса» атты шығармашылық-зертханалық сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға музейдің маңызын түсіндіру, тарих пен археологияға деген қызығушылығын арттыру, тарихи мұраларды құрметтеуге баулу болды. Квест барысында оқушылар сақ және ғұн дәуірлеріне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, […]

Толығырақ

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесе отырып, «Мәңгілік естелік: өткен күннің тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізді. Литвадан келген қонақтар музей залындағы Степлагтың №3 бөлімшесіне арналған экспозициямен танысты. Жиын барысында тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы сөз болып, репрессия құрбандарының ұрпақтары өз әулеттерінің тарихын баяндады. Илона Клусайте рухани байланыс туралы айта келе, осы кездесуге арнайы […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Айман Керліқұлқызы Яриханова мен «Қор» секторының меңгерушісі Марал Ермұханқызы Аққұлова Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейіне іссапармен келді. Кездесу барысында қонақтар музейдің экспозициялық жұмыстарының ұйымдастырылуымен, қор сақтау жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар музей қызметкерлерімен кәсіби тәжірибе алмасып, музей ісінің өзекті мәселелері […]

Толығырақ

Музейдегі қызықты археология: жазғы лагерь балалары өткен тарихтың құпиясын ашты! «Workshop: Археология балаларға» жобасы аясында музейімізде ерекше интерактивті практикалық сабақ өтті. Бүгін облыстық музейге №8 гимназия мен №4 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қонаққа келді. Практикалық сабақ барысында балалар нағыз далалық археологияның атмосферасына еніп, имитациялық қазба алаңында жұмыс істеп, мамандардан дәріс алды. М. Төрегелдин атындағы […]

Толығырақ

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде қазақтың қайсар қаламгері, жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевнің 110 жылдығына арналған    «Жауынгер жазушы» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Іс-шараға №3 мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, Баубек Бұлқышевтың өмір жолы, шығармашылығы мен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы тың мәліметтермен танысты. Кездесу барысында музей қорындағы материалдар көрсетіліп, қаламгердің өлеңдері мен майданнан жазған хаттары оқылды. Сонымен қатар […]

Толығырақ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде өткен дәстүрлі «Музей түні» акциясы биыл да келушілерге ерекше әсер сыйлады. Кеш шымылдығы ұлттық дәстүрмен ашылып, «Ақ әжелер» ансамблінің шашуы мен әуелеген әні мерекенің сәнін кіргізді. Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әншілері Зәуре Омарова мен Әділет Әбілбайдың орындауындағы әсем әуендер кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. […]

Толығырақ

2026 жылдың 9 мамыр күні Аңырақай мен Бұланты шайқастарының зерттеушісі, жазушы-тарихшы, ұлт жанашыры Рүстем Бекетовті еске алуға арналған тағылымды конференция өтті. Конференция барысында Рүстем Бекетұлының Ұлытау өңірінің тарихын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, Аңырақай мен Бұланты шайқастарының тарихи ақиқатын ашудағы қайраткерлігі кеңінен айтылып, тұлғаның рухына тағзым жасалды. Жиынға Жезқазған қаласы және Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері […]

Толығырақ

2026 жылдың 8 мамыр күні Ұлытау облыстық тарихи-архелогиялық музейінің конференция залында «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ауылшаруашылығы саласының майталманы, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Ахат Райымбекұлының туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмір жолын насихаттау, оның еңбегі мен адами болмысын кейінгі ұрпаққа үлгі […]

Толығырақ

2026 жылғы 20 сәуірде Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль апатының 40 жылдығына арналған «Чернобыль жаңғырығы: ерлік пен естелік» атты музейлік кездесу өтті. Іс-шараға Чернобыль ардагерлері, жергілікті тарихшылар, әскери бөлім өкілдері, №8 гимназия, №1 және №2 Кеңгір мектептерінің оқушылары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері Үңгітбаев Дархан Қадырұлы, Шалдыбаев Жасұлан Қуандықұлы және музей қызметкерлері қатысты. 1986–1990 жылдары Жезқазған өңірінен 897 азамат апат салдарын жоюға қатысқан. Кездесудің басты мақсаты – тарихи жадыны сақтау, ерлікті ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Шараны Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Жанпейсова Эльмира Сарсенбайқызы ашып, 1986 жылғы 26 сәуірдегі апаттың қасіреті мен зардаптары туралы баяндады.Сонымен қатар Ұлытау облысының қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Мурзалин Ораз Хайроллович сөз сөйлеп, апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың жауапкершілігі […]

Толығырақ