Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1. «Ұлытау үні» — халық шығармашылығы мен өнерінің дәстүрлі фестивалі
Ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді жаңғырту, дамыту және ел ішіндегі жаңа дарындарды табу мақсатында өткізіліп келеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында облыс басшылары деңгейінде сөз болып, бастама дереу қолға алынып, фестивальді өткізуге байланысты ұйымдастыру комиссиясының құрамы бекітіліп, 1990 жылдың ақпан айында алғаш жалауын көтерген халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің «Ұлытау үні» облыстық фестивалі 2015 жылы өзінің ширек ғасырлық тойын атап өтті. Бірінші фестивальде қазақтың даңқты өнерпаздары Болманның, Әсеттің, Шашубайдың, Сайдалы Сары Тоқаның, Манарбектің, Баубек пен Мұқанның, Қожабайдың, Қыздарбектің, Нарманбеттің, Жәкен ақынның, Жүсіп Алтайбековтің, Күләштің, Ықыластың, Шортанбай ақынның өмірі мен шығармашылықтарына арналған танымдық кештер өтіп, ол кештерді өз күштерімен әзірлеген облыстың аудан-қалаларының өнерпаздары Жезқазған төрінде бас қосып, мәре-сәре болысқаны көптің жадында жазылып қалды. Фестиваль бағдарламасында «Әнші балапан», «Күміс қоңырау», «Жұлдыз» отбасылық ансамбльдер конкурстары, жыр сайысы, «Мүшәйра», ақындар айтысы, жергілікті танымал тұлғалардың шығармашылық кештері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері бар. Сексенінші жылдардан бастау алған «Ұлытау үні» фестивалінің басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу. Фестивальдің 25 жылдық тарихына орай «Халық шығармашылығы және көркемөнерпаздар өнерінің «Ұлытау үні» фестивалі атты шежіре кітап шығарылды.

Жезқазған энциклопедиясы (564 бет),
«Ұлытау үні» фестивалі кітабынан (9 және 285 бб)
Фото: музей қорынан

 

2. Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы
1992 жылғы қыркүйек-қараша айларындағы ұлы оқиға иісі қазақ баласының есінде мәңгі сақталуға тиіс. Сол жылы тағдырдың айдауымен тарихтың әртүрлі кезеңдерінде соқтықпалы соқпақты, бұралаңы көп замана көшінің ыңғайымен төрткүл дүниеге тарап кеткен қандас бауырларымыз «елім-айлап» ата жұртқа бет бұрып, Алматыға дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайына қатысуға жиналды. Тәуелсіздігіміз өз қолымызға тиген соң мүмкін болған ұлтымыздың ұлы тойына қатысушылардың бір тобы сол жолы ата-бабамыздың ежелгі саяси-әлеуметтік, мәдени орталығы болған, үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытауға тәу етуге келген еді. Шетелдік қонақтар әуелі ат басын Жезқазғанға тіреп, қаланын мәдени орындарын аралады

Қазақстан Журналисттер
одағының мүшесі
Сара Смағұлованың естелігінен

 

 

3. «Алтай-Дунай» халықаралық бітімгершілік экспедициясы (1999-2005)
«Алтай-Дунай» — 1999 ж. Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы бастамасымен ұйымдастырылып, жүзеге асқан халықаралық архео-этнологиялық экспедиция. Экспедиция мақсаты — Ұлы Дала белдеуін түйемен жүріп өту арқылы әлем жұршылығы назарын Еуразия даласын мекендеген халықтардың тарихи өзара ықпалдастығына аудару, Еуразияның ежелгі тарихы мен қазіргі интеграциялық үрдістерін насихаттау. Идея авторы және экспедиция жетекшісі Б.Қожахметов. Үш кезеңнен тұратын 5,5 мың шақырымдық сапар 1999 жылдың 3 мамырында Ресейдің Алтай өлкесіндегі Құлынды ауылынан басталды.
• 1-кезең (1999 ж.) — Павлодар, Ақмола, Қостанай, Челябі облыстары, Башқұртстан, Орынбор және Батыс Қазақстан аймақтары арқылы өтті.
• 2-кезең (2000 ж.) — Ресейдің Саратов және Воронеж өңірлерін қамтыды.
• 3-кезең (2001 ж.) — Украинаның 11 облысынан өтіп, Венгрия жерінде аяқталды. Экспедиция жалпы 426 елді мекенді қамтыды.

Мәлімет: Ұлытау ауданы энциклопедиясы (109- бет).
Фото:Б.Қожахметов

 

 

 

 

4. «Көкмайса» халықаралық этнофестивалі
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлытауда ұйымдастырылған Халықаралық «Көкмайса — 2018» этнофестиваліне жалпы саны 3 мыңға жуық адам қатысып, олардың арасында шетелдерден келген туристер мен ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарының өкілдері болды. Дәстүрлі «Терісаққан көктемі» фестивалінің заңды жалғасы санатындағы этнофестиваль Ұлт бесігінің қазақ тарихында алатын баға жетпес маңызды орнын кең тұрғыда дәріптеу, көне дәуірлерден жеткен тарихи мұра санатындағы ескерткіштерін таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қайталанбас бітім-болмысы мен ұлттық спорт ойындарының тартымдылығын насихаттауды мақсат тұтты. Алғашқы кезекте түп-тамыры ұлт руханиятының қайнарынан бастау алатын «Көкмайса» этнофестивалінің өзекті міндеті Қазақстан аумағына шетелдерден келетін туристер мен ел азаматтарын Ұлытаудың шежірелі тарихы мен құнды ескерткіш жәдігерлерін қызықтауға тарту арқылы келешекте туризм саласын дамыту ұстанымы болғанын атап өткен жөн. Соған орай, тағылымы терең іс-шара барысында өңірдің ауасы мен суының, тұма табиғатының адам ағзасына таптырмас дәру екендігі әспеттелді. Сырт келбеті келісті, ішкі безендірілуі кез келген кірпияз жанның көңіліне шуақ ұялататын еңселі киіз үйлерде меймандос пейілмен жайылған көл-көсір дастарқан жайлау төсінде өрген төрт түліктің еті мен сүтінен өндірілетін табиғи тағам түрлерінің аса құнарлы екендігін айғақтады. Этнофестивальде сонымен қатар, аудан тұрғындарын туризмнің ерекшеліктері мен оған қатысты талаптарды жете зерделеп, меңгеруге бейімдеу, өз кәсібін ұйымдастырып, жүргізуге қабілетті іскер азаматтарды туризм саласындағы кәсіппен шұғылдануға бағыттау жайына да басты меженің бірі ретінде айрықша көңіл бөлінді.

Мәлімет: https://ortalyq.kz/k-kmajsa-2018-lytaudy-lyly-yn/?ysclid=mb4ofknzy5663087436
«Qazaqstan» сайтынан алынды
Фото: Б.Қожахметов

5. «Жезкиік» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі
2018 жылдың 12 және 15 шілде аралығында тарихи өлкеміз Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласында I Халықаралық «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалі өткізілді. Бұл фестивальге Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапон және Қазақстан мемлекеттерінен 11 кәсіби ұжымдар қатысты.
Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Духовные святыни Казахстана» жобасы және арнайы «Туған жер» атты бағдарлама аясында өткізілді.
Фестивальдің басты мақсаты: Қазақстан жерінің материалды емес мәдени құндылықтарын сақтау, қазақ фольклорын сақтау және жандандыру, туристік кластерді дамыту, халық мәдениетінің барлық көптүрлілігін насихаттау болып табылады.
Фестивальдің міндеттері:  кәсіби ұжымдардың біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасу,  фольклорлық музыканы орындаушылардың жас мамандарын қолдау, халық музыкасын сақтау және дамыту,   алыс және жақын орналасқан шет елдермен мәдени байланысты қалыптастыру. Фестивальдің қызықты бағдарламасына: қатысушылардың марш-парады, фольклорлық музыка фестивалі, гала-концерт және классика музыкасының кеші кірді.
Фестивальге жан-жақтан келген қатысушылар біздің Отанымызбен танысу үшін, киелі Ұлытау жерінің көне, мәдени-тарихи ескерткіштері Жошы хан және Алаш ханның кесенелеріне, «Хан Ордасы» тарихи кешеніне барып, етене танысты.
Гала концерттің финалында Қарағанды облысының түрлі хореографиялық ұжымдарының орындауында «Қара жорға» биі қойылды. Музыкалық кеш «Ұлытау» тобының өнер көрсетуімен аяқталды.
Халықаралық «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалін  Әзербайжан, Австрия, Армения, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген 17 солистің қатысумен классикалық музыка кеші жалғастырды.

Мәлімет:   https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Fegemen.kz%2Farticle_photo%2F1532918076_article_b.jpeg%3Fwidth%3D600%26amp%3Bheight%3D315&lr=164&p=1&pos=3&rpt=simage&text=%D0%B6%D0%B5%D0%B7%D0%BA%D0%B8%D1%96%D0%BA%20%D1%84%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D1%96,  https://onmcdint.kz/kk/i-mezhdunarodnyj-festival-folklornoj-muzykizhezkiikkktranslation/?ysclid=mbg1zb17qt921155998

6. «Мың күбі» — ұлттық қымызды жаңғыртқан дәстүр
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жылдығына және Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Жаңаарқалық қыз-келіншектер «10 мың литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып, пісу» шарасында рекорд жаңартты.
Жаңаарқалық қыз-келіншектер қол жеткізген бұл нәтиже халықаралық сарапшылар тарапынан ресми түрде мақұлданып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелген болатын. Осы игі істің құрметіне арнап аудан орталығына кіреберіс жерде «Мың күбі» мүсіні орнатылды.
«Күбі піскен қазақ қызының ғажайып мүсіні өткенді еске салып, өлкеміздің көркіне көрік қосады», — дейді ескерткіштің орнатылуына ат салысқан ел азаматтары.

Мәлімет:
https://egemen.kz/article/253336-mynh-kubi-musini?ysclid=mb4ndqoa5l156305296

 

 

7. «Ақсақ құлан» күйшілер конкурсы
Жезқазғанда қала іргесінің қаланғанына 65 жыл толу мерейтойына орай Кетбұқа би атындағы «Ақсақ құлан» күйшілер конкурсы өтті. Халықаралық деңгейдегі өнер додасында Қытай, Моңғолия елдерінен және Астана, Алматы, Қызылорда, Жезқазған қалаларынан барлығы 17 күйші бақ сынады. Байқау қорытындысында Семейден келген Дарын Құдайбергенов бас жүлдеге лайықты деп танылып, оған 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Дарын иесі Қазақ Ұлттық университетінің төртінші курсында оқиды. Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынға алматылық Азамат Шынаров ие болса, екінші жүлде Қытайдан келген қандасымыз Бағдар Жарқын мен астаналық Әлия Қарамұхановаға теңдей бөлініп берілді. Ал үшінші жүлде алматылық Ботакөз Дүнгенбаева мен Бақберді Қадубекке, жезқазғандық Бақытжан Есмағанбетов пен қызылордалық Абылайхан Сқақовқа бұйырды. Күйшілер конкурсының соңына таман байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысқан баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, одан кейін гала-концерт берілді. Аталған шарада Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері өнер көрсетіп, көрермен қауымның ықыласына бөленді.

Мәлімет: https://share.google/LZGkIVmnhDlJTwE0f, https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Fegemen.kz%2Fmedia%2F2023%2F11%2F02%2Fkuy-.webp&lr=10308&pos=15&rpt=simage&text=%D0%B0%D2%9B%D1%81%D0%B0%D2%9B%20%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D0%BD%20%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%20%D2%B0%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83%20%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B сайттарынан алынды

 

8. «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені
Жошы хан тарихи-мәдени кешені – Қазақ хандығының тарихы мен Ұлы Даланың рухани мұрасын паш ететін бірегей кешен.
Кешеннің негізі – XIII ғасырда салынған Жошы хан кесенесі, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханға арналып тұрғызылған. Бұл жер – Алтын Орданың бастауы, Қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамыры саналатын қасиетті орын.
2021 жылы жаңадан бой көтерген кешен құрамында:
• Музей – Жошы хан мен Алтын Орда тарихына арналған құнды жәдігерлер мен археологиялық олжалар қойылған;
• Кітапхана мен ғылыми орталық – тарихшылар мен зерттеушілерге арналған білім ордасы;
• Қонақ үй және этноауыл – келушілерге Ұлы Даланың тұрмыс-салтын сезінуге мүмкіндік береді;
• Монументалды ескерткіштер – Жошы ханның бейнесін дәріптеп, оның тарихтағы орнын айшықтайды.
Жошы хан тарихи-мәдени кешені – тек өткен тарихтың куәсі ғана емес, қазіргі және болашақ ұрпаққа ата-баба мұрасын дәріптейтін, ұлттық бірлікті нығайтатын рухани орталық. Ол Ұлытау өңірін қазақ халқының тарихи-мәдени астанасына айналдыруға бағытталған.

Мәлімет: https://www.facebook.com/share/r/1aPVFJYmeo/?mibextid=wwXIfr парақшасынан, фотолар интернет желісінен алынды

 

9. Құтты қоныс, ұлысқа ұя болған Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай
2022 жылғы 16 маусымда Ұлытау облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтті. Іс-шараға мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелері, азаматтық қоғам және саяси партиялар өкілдері, сарапшылар мен өңірлердің қоғамдық кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер қатарынан 117 адам қатысты. Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәлімдеді.
«Мемлекет таңдаған бағытты халықтың басым көпшілігі қолдайтыны өте маңызды. Біздің азаматтарымыз елімізде түбегейлі өзгерістер болады деп сенеді. Біз халыққа реформаларды жүргізу барысын ұдайы түсіндіріп отыруға тиіспіз. Қазірдің өзінде жаңғырту процесі біртіндеп бүкілхалықтық сипат алып келеді. Әрбір азамат жаңғыртудың әсерін сезінуге тиіс. Егер әркім елдегі өзгерістерге өзінің жеке ісі ретінде қарайтын болса, онда біз шынымен жаңару жолына түсеміз. Мұны еліміздің әрбір азаматы түсінуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. «Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы мен айқын бағыты бар. Қазақ халқының атын асқақтататын білімді, саналы ұрпақ болатынына сенімдімін», – деп атап өтті.

Мәлімет: https://biosafety.kz/KK/uncategorized/%D0%B7%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B2%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BD%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%83/, https://www.inform.kz/ru/glava-gosudarstva-kurultay-budet-polnost-yu-vovlechen-v-realizaciyu-reform_a3945231 сайттарынан алынды

 

10. «Аламан құрақ» — ұлттық өнердің бірегей шеруі
2023-2025 жылдары жүзеге асқан «Аламан құрақ» жобасы қазақ қолөнерін әлемдік деңгейде танытқан ірі мәдени бастамалардың бірі. Алғашқы екі жылда КИНЭС Қазақстан рекордтар қатарына тіркелген жоба 2025 жылы әлемдік рекордтар қатарына тіркелді. Үш жыл ішінде ел бойынша 660 шебер қатысып, құрақ құрау өнерінің орасан еңбегін паш етті.
Ұлытау облысы бойынша осы жобаға:
• 2023 жылы — 12 адам;
• 2024 жылы — 34 адам;
• 2005 жылы — 38 адам қатысқан.
Жоба ұлттық мұраны дәріптеудің жаңа деңгейін көрсетіп, қазақ қолөнерінің бағасын арттырды.

Мәлімет: «Аламан құрақ» жобасының қатысушысынан алынды.
Фото: қатысушыдан алынды

 

 

11. Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны — Жезқазған қаласында дүниеге келді.
Ақылбек Томирис Сұңғатқызы 14 қараша таңғы сағат 8:10-да дүниеге келді. Томиристің анасы Молдашева Әйкерім 19 жасында, әкесі Сейтжан Сұңғат 20 жасында ата-ана атанды. Жас отбасының шаңырақ көтергеніне 1 жыл болған.
«АСС Сериктес» ЖШС-нің өрт сөндірушісі болып жұмыс істейтін Сейтжан Сұңғат тұңғыштарының тәуелсіз ел тарихында қалғанына аса қуанышты екенін жеткізді.
«Мұндай сүйінші хабар болады деп күтпедік. Томирисіміздің тарихтың бөлшегі болғанына қуаныштымыз. Бастысы — дені сау болып өссін», — деді Жезқазған қаласының тұрғыны.
Еске салайық, сол күні 8.10-да туған 5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындары ретінде тіркелді. Мерейлі сәттің куәгерлері Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.

Мәлімет: Egemen.kz интернет желісінен алынған.
Фотолар: Молдашева Әйкерімнен алынды

 

12. Қаражал қаласының 60 жылдығына тігілген 50 киіз үй
Өңірімізде өндіріс саласының өркендеуіне мол үлес қосып келе жатқан Қаражал қаласында шаһардың 60 жас мерейтойы атап өтілді. Салтанатты іс-шараның шымылдығы театрландырылған қойылыммен ашылды.
Кейінгі он жылдықтың көлемінде қазыналы өлкенің екінші тынысы ашылды. Қалада әлеуметтік нысандар бой көтеріп, республикалық маңызы бар Қаражал-Жәйрем, Қаражал-Жаңаарқа автомобиль жолдары, облыстық маңызы бар Қаражал-Атасу тас жолы қалпына келтірілді. Қаражал қаласының 19 көшесінің, Жәйрем кентінің 13 көшесінің автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстары қолға алынған.
Дүбірлі іс-шара үш блоктан тұрды. Алғашқы блокта қала халқы мен қонақтарына арналған салтанатты кеш ұйымдастырылса, екінші блок — ұлттық спорт алаңында өтті. Ал үшінші блок — қаланың орталық алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерт және отшашумен түйінделді.
Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған дүбірлі жиынға еліміздің барлық өңірінен ұлттық ойындардың спортшылары қатысты. Қонақтардың құрметіне 50 киіз үй тігіліп, дәм ұсынылды.

Мәлімет: file:///C:/Users/User/Desktop/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B0%D0%BB%2060%20%D0%B6%D1%8B%D0%BB/1.webp
сайтынан алынды

 

13. Ұлытау облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
Елордада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған көрмеде Ұлытау облысының атынан тарихи-археологиялық музей қорының көне экспонаттары мен тарихи жәдігерлері ұсынылды.
Көрмені тамашалаған туристердің ерекше қызығушылық танытуының басты себебі – нағыз көшпенділердің тұрмыс-салтын, мәдениетін және салт-дәстүрін шынайы көрсететін экспонаттардың молдығы.
Қонақтар жәдігерлерге тамсана қарап, ризашылықтарын білдіріп, көшпелі өмірдің құндылықтары ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

Мәлімет: https://www.facebook.com/share/v/19iKj5djgR/?mibextid=wwXIfr
парақшасынан, фотолар интернет желілерінен алынды

 

14. Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының 114 жастағы қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева
Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Түймегүл Темірбаева құжатқа сәйкес 114 жасқа келді. Қазіргі таңда әжейдің 15 немере, 25 шөбересі бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қария – Қазақстандағы жасы ең үлкен адам.
Қарттығын ұрпақтарының ортасында өткізіп отырған әжей 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Байқадам ауданында өмірге келген.
Тұрмысқа шыққаннан кейін Арқа даласына қоныс аударған. Азаматы – Аязбай Темірбаев 96 жасында өмірден озған.
Сүйегі асыл жаннан тараған 4 баланың алды бүгінде 70 жасқа жақындаса, ең кішісі 60 жасқа келеді.

Мәлімет: KAZ.NUR.KZ интернет желісінен алынды

 

 

15. Ұлытау облысында мемлекеттік рәміздер алаңы
Тұңғыш Ұлттық құрылтай 2022 жылы 16 маусымда Ұлытауда өткені мәлім. Көптеген ой ортаға түсіп, ұсыныстар айтылған сол бір келелі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлытауда Рәміздер алаңын салу туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысындағы тапсырмасына сәйкес, Ұлытау ауданындағы Әулиетаудың етегінде ашылған алаңның жалпы аумағы үш гектарды құрайды. ҚР Конституциясы күнінің қарсаңында ел игілігіне берілген нысанда биіктігі 22 метр болатын Мемлекеттік Ту, тұғыртаста Елтаңба, Әнұран бейнеленсе, «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақ хандығы», «Түрік Қағанаты», «Алтын Орда» барельефті қабырғалары, 99 рудың белгісі қашалған «Таңбалы тас» орнатылған.

Мәлімет:https://qarajalnews.kz/lytau-oblysynda-memlekettik-r-mizder-ala-y-ashyldy/ сайтынан алынды
Фото сайттан алынды

 

16. Ерден Сандыбайұлы атындағы дәстүрлі ІІІ республикалық байқау
Сәтбаев қаласында ұлтымыздың ықылым заманнан келе жатқан аспаптарында ойнайтын өнерпаздар арасында Ерден Сандыбайұлы атындағы дәстүрлі ІІІ республикалық байқау өтті. Бұған дейін байқауда тек қобызшылар ғана бақ сынап келсе, бұл жолы сыбызғышылар мен сазсырнай шеберлері, сондай-ақ жетіген аспабында ойнауды жетік меңгерген өрендер өнер жарыстырды. Байқау шымылдығы аға сұлтан Ерденнің баласы Баймендеден айырылып қайғы жұтқан бақытсыз шағын баяндайтын сахналық қойылыммен ашылды.

Мәлімет: www.lat.egemen.kz/article/168021-erden-san%C2%ADdybayuly-atyndaghy-dasturli-iii-respublikalyq-bayqau-otti?utm_source=chatgpt.com сайттарынан алынды

 

17. І Республикалық «Қобызым- қоңырым» байқауы
2025 жылдың 23-24 шілде күндері І Республикалық «Қобызым — қоңырым» қобызшылар байқауы өтті. Бұл байқаудың Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында ұйымдастырылуының өзіндік себебі де бар. Қойлыбай бақсы — осы Ұлытау өңірінде туып-өскен, қазақ халқының рухани мәдениетіне зор үлес қосқан тарихи тұлға. Қорқыттың қобызын, сарынын алғаш мирас тұтқан өнер иесі де осы Қойлыбай болған. Бақсылығымен де, қобызшылығымен де аты аңызға айналған Қойлыбай әулие атындағы алғашқы қобызшылар байқауын өткізуге Ұлытау облысының әкімдігі қолдау білдірсе, байқауды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырып өткізді. С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры қобыздың тылсым үнін тыңдауға құштар көпшілікті екі күн бойы өзіне тартып, өзінде тұсады. Республикалық деңгейде өткізіліп отырған қобызшылар байқауының басты мақсаты Қойлыбай әулиенің емшілігімен қатар, қобызшы болғанын көпке таныту, насихаттау болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты қобыз өнеріне баулу, халықтың көнеден келе жатқан өнерін ұрпақ жадында жаңғырту болып табылады. Байқау барысында көрермен көпшілік оны ұйымдастырушылардың ұлттық аспаптар мектебінің дәстүрін сақтап, күйдің ұмытылып бара жатқан орындаушылық дәстүрін қайта түлетулеріне куә болысты. Байқау сонымен бірге, әрине, қобызда талантты орындаушыларды анықтап, олардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасады. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен 12 үміткер қатысты.

Мәлімет: https://kaz.inform.kz/news/zhezkazganda-ulitau-oblisinin-azamattik-forumi-ott336fdb
https://kaz.inform.kz/news/ulitauda-respublikalik-kobizim-konirimbaykauiott26f175/?ysclid=mfnv05e4mo762964043 , https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Fwww.gov.kz%2Fuploads%2F2025%2F7%2F29%2F2253d0872fb9cdcdc86460cc975a0328_original.173746.jpeg&lr=10308&pos=6&rpt=simage&text=%D2%9A%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BC%20%D2%9B%D0%BE%D2%A3%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%20%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%20%D2%B0%D0%BB%D1%8B%D1%82%D0%B0%D1%83%20%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B сайттарынан алынды
Фотолар: Ұлытау облысының әкімдігінің сайтынан алынды

 

18. «500 бірегей шапан» — қазақтың дәстүрлі киім мәдениетін насихаттауға және жаңғыртуға арналған мәдени жоба. Жоба КИНЭС-2025 Қазақстан рекордтар кітабына енген
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында 17 қолөнерші 500 шапанды қолмен тігіп шықты. Жай шапан емес, Жаңаарқа үлгісінде тігілді. Ұлттық нақыш та бар, аймақтың өзіндік мәдени үлгісі де сақталған. Заманауи дизайн енгізілген. «Әр шапан бір шежіре» дейді олар. Тігіншінің әрқайсысы орташа есеппен 33 шапан тіккен. Осылайша жаңаарқалықтар Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде енді. Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қайырымдылық шарасы аясында бір күнде екі рекорд тіркелді. Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады. Жоба барысында жергілікті тігіншілер 500 ұлттық шапан тігіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп жазады qandastar.kz.«Бұл – Жаңаарқа ауданының рекордтар кітабына үшінші рет енуі. Бұған дейін жергілікті спортшы ультрамарафонмен танылса, енді ұлттық киім үлгісі тарихта қалды», — деді рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастүлеков. Рекордқа қатысқан 17 тігінші әрқайсысы ондаған шапан тігіп шыққан. Киімдердің барлығы қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі мен аймаққа тән элементтермен безендірілген. «Төрт күн ішінде 40 шапан тігіп үлгердік. Бұл біздің ортақ еңбегіміздің жемісі. Енді «Жаңаарқа шапаны» брендке айналады деп сенемін», — деді тігінші Жансая Сарсенбаева. Шара барысында тағы бір ерекше жетістік тіркелді — жаңаарқалықтар 22 жылқының етінен дайындалған 500 табақ ұлттық ас ұсынып, қайырымдылық көмегін әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға жеткізді.Сонымен қатар қонақтар арасында дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Түркиядан келген туристер қазақ халқының қонақжайлылығына тәнті болып, шапандарды өз еліне апарып көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.

Мәлімет: https://tv7.kz/kz/zhobalar/news-kz/31951-zhanaarkalyk-koluonershiler-500-shapandy-kolmen-tigip-shykty/
Фото: Жоба қатысушысы Тоқбергенова М.
сайттарынан алынды

 

19. Жаңаарқада 500 табақ ет тартылып, Қазақстан рекорды жаңартылды
Жаңаарқада 500 табақ ет тартылып, Қазақстан рекорды жаңартылып, арқаның табақ тарту рәсімі көрсетілді. Шараны ұйымдастырушылар «Негізгі мақсатымыз – ұлттық киім мен дәстүрге құрмет көрсету», — дейді. Қайсар Сейпішев, фестиваль ұйымдастырушы: — Бұл жердегі ең негізгі мақсат — туристерді шақыру. Шапанымызды кіргізіп жатырмыз рекордқа. Оның үстіне 500 табақ ет әлемдік іс шара ретінде көрсетіп алайық, сосын осындай жасалды деп рекорд орнатқан Жаңаарқа деген мақсатпен көруге барша туристерді шақыруға құқылымыз. «Күзгі орда» фестивалі – берекенің, тоқшылықтың белгісі. Дегенмен, ысырапқа жол берілмейді. Табақ-табақ ет түгел асылмай, шикідей тартылды. Рекорд ресми тіркелген соң 4 тонна ет қайырымдылық негізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және балалар мен қарттар үйіне таратылды.

Мәлімет: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/735161-zanaarkada-500-tabak-et-tartylyp-kazakstan-rekordy-zanartyldy сайтынан алынды

 

20. Жошы хан және Алтын Орда. Тарих, мұра және ұлы дала өркениеті халықаралық-танымдық конференциясы
2025 жылдың 27-29 қыркүйек күндері Ұлытау облысында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті. Ғылыми бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, секциялық мәжілістер өтті. Пленарлық мәжілісте мына тақырыптар қарастырылды: «Алтын Орда және Жошы ұлысы кезеңіндегі мемлекеттілік пен тарихи-мәдени процестер».
«ХІІІ-XIV ғасырлардағы Түркі әлемінің музыкалық-фольклорлық мұрасы мен рухани құндылықтары. Күйші-сазгер Кетбұқа бидің тарихи-мәдени мұрасы» конференция қонақтарына арналған экскурсия бағдарламасы ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар Жошы хан кесенесіне, Домбауыл мен Алашахан кесенелеріне барып, Жошы хан тарихи-мәдени кешенінде «Талмас Ата және Болған Ана тарихы мен мұрасы» атты көрмені тамашалап, конференция қонақтары Ұлытау өңірінің бай мәдениетімен кеңінен танысты. Конференция нәтижесінде түркі өркениетінің ортақ құндылықтарын насихаттайтын маңызды ғылыми тұжырымдар қабылданып, Жошы ханның мұрасы әлемдік деңгейде тағы бір мәрте ұлықталды. Ұлытау — тек қазақ халқы үшін ғана емес, күллі түркі дүниесі үшін қасиетті рухани орталық екенін айқындаған бұл шара тарихымызға деген құрметті тереңдетті.

Мәлімет пен фотолар: https://www.facebook.com/share/p/17XLBPFtMW/?mibextid=wwXIfr парақшасынан алынды

 

21. Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды
Жезқазғанда ресми түрде алғашқы Геологиялық кластер ашылды. Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін бір алаңға тоғыстырған әлемдік деңгейдегі санаулы орталықтардың бірі. Мұнда орнатылған заманауи техникалық жабдық әлемде небәрі жеті орталықта ғана бар, ал кластердің өзі Орталық Азия бойынша ең ауқымды әрі алғашқы нысан болып саналады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласының дамуы ел экономикасының өсуі үшін маңызды шарт екенін бірнеше рет атап өтті. Президент кен өндіру секторын басқару жүйесін жаңғыртуды және Қазақстан аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін айтарлықтай арттыруды міндеттеді. Геокластер құру осы басымдыққа сай және геологиялық барлауды жаңартуға қажетті практикалық негізді күшейтеді.
Геологиялық кластер – Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы нысан. Оқу орталығы мен зертханалық кешеннің бір жерде орналасуы геологиялық ақпаратты жедел алуға және соның нәтижесінде барлау жүргізу барысында дереу шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жобаға 11 млрд. теңге шамасында инвестиция құйды. Құрылысты мердігер ретінде отандық Tansu Construction компаниясы жүзеге асырды. Алаңда 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Геологиялық кластерді басқару «Kazakhmys Barlau» ЖШС-ға тапсырылды.
Кластер құрамында еліміздегі ең ірі керн сақтау қоймасы жұмыс істейді. Оның сыйымдылығы 200 мың погондық метр керн сақтауға жетеді және бастапқы геологиялық деректердің ұлттық мұрағатын қалыптастырады. Бұл кез келген уақытта бастапқы деректерге оралып, жұмыс істейтін геологиялық модельдерді нақтылауға және барлау жұмысы барысында тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді.
Зертханалық блок аналитикалық зерттеу саласындағы әлемдік көшбасшы – австралиялық ALS компаниясымен бірлесіп жасалды. Бұл геохимиялық дерек сапасының жоғары және халықаралық стандартқа сай болуына кепілдік береді.
Кластерде ұңғымалық кернді автоматты түрде сканерлеуге арналған Ancorelog (Германия) технологиясы және алынған ақпаратты өңдеу үшін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі LithoLens бағдарламалық жасақтамасы қолданылады. Олар кернді талдау жылдамдығын бір ауысымда 60-тан 240 қума метрге дейін арттырады.
Аталған технологияларды кешенді қолдану кен орындарын геологиялық болжау модельдерін жедел құруға және алынатын ақпараттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Кластердің базасында Colorado School of Mines-пен бірлескен заманауи геофизикалық зертхана жұмыс істейді. Ол әлемдік өндірушілердің озық құрал-жабдығымен жасақталған. Іске қосу-реттеу жұмысын, техникалық қызмет көрсетуді және сертификатталған жөндеуді «Qazaq Geophysics» ЖШС мамандары жүзеге асырады. Зертхана елдің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамыту үшін құрылған. Мұнда геофизика, аспап жасау және робототехника салаларының білікті мамандары даярланады.
Кластердің диспетчерлік орталығы «Kazakhmys Barlau» ЖШС-ның геологиялық барлау жұмысын басқарудың біртұтас нүктесі болып табылады. Мұнда көлік, бұрғылау қондырғылары мен барлық аналитика нақты уақыт режимінде бақыланады.
Бұдан бөлек кластер құрамына оқу-әдістемелік блок кіреді. Ол мамандарды даярлау және қайта даярлауға арналған және болашақта құрылатын Ұлытау университетінің бағдарламаларымен интеграцияланады. Бұл университеттің түлектері бірден үш диплом: университеттің өз дипломы, Satbayev University және әлемдегі алғашқы Colorado School of Mines филиалының дипломын алады. Бұл жоба тек білім мен экономиканы ғана емес, аймақтың болмысын да өзгертеді. Кластер аумағында мұражай бар.
Геологиялық кластер Жезқазғанның ғылыми-өндірістік әлеуетін нығайтады. Жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіби өсу мүмкіндігін кеңейтеді және аймақтың ғылыми-техникалық базасын күшейтеді. Жоба Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жалғастырып, Қазақстанның заманауи геологиялық мектебінің дамуына үлес қосады.
«Қазақмыстың» геологиялық кластерінің ашылуы – өңір үшін де, тұтас сала үшін маңызды оқиға. Бұл жоба геологияны цифрландыруды жеделдетіп, зерттеу әлеуетін арттырады және Қазақстанның геологиялық барлау саласын халықаралық деңгейге шығарады.

Мәлімет: https://www.facebook.com/share/p/1DtZTWhzGX/?mibextid=wwXIfr парақшасынан алынды