Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Орналасуы: Қазіргі Ұлытау облысының аумағы, Жезқазған қаласы маңы. Кеңестік кезеңде бұл өңір — өндірістік маңызы зор аймақ болып есептелген.

Құрылған жылы: 1948 жыл

Ресми атауы: Степной исправительно-трудовой лагерь (СТЕПЛАГ)

Мақсаты: Ерекше қауіпті, негізінен саяси тұтқындарды оқшаулау және ауыр еңбекке пайдалану. Лагерьге Одақтың түкпір-түкпірінен интеллигенция өкілдері, әскери адамдар, діни қызметкерлер, шығармашылық тұлғалар айдалды.

Лагерь туралы жалпы мәлімет:

«СТЕПЛАГ» — ГУЛАГ жүйесінің саяси тұтқындарға арналған арнайы лагерьлерінің (особлагтардың) бірі ретінде ұйымдастырылған.

«СТЕПЛАГ» — лагерьлік жүйесі Жезқазған өңірін түгел қамтыды. Ол ірі өндірістік нысан — Жезқазған мыс комбинатының маңында орналасып, тұтқындарды қара жұмысқа тарту арқылы өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық құрылыстар жүргізілді. Жалпы ашылған жылдары 9 бөлімшесі болған, кейін 6 бөлімшеге қысқарды. Ол лагерьлік бөлімшелер Жезқазғаннан бастап Ұлытау, Жезді, Байқоңыр, Сәтбаев (бұрынғы Никольский), Теректі, Қоңырат сияқты бірнеше аймаққа дейін таралған. Негізгі лагерь орталығы (Лагерь басқармасы) Жезқазған қаласындағы нөмірі 3-бөлімше яғни зауыт пен фабриканың орта тұсында орналасты. Бұл жерде лагерьдің әкімшілік-шаруашылық басқармасы, комендатура, күзет бөлімдері және тергеу изоляторы жұмыс істеді.

1954  жылы  Кеңгір бөлімшесінде тарихқа енген Кеңгір көтерілісі болды. Тұтқындар адамдық құқық, еңбек бостаңдығы үшін бас көтерді. Бұл көтеріліс кеңестік лагерлер жүйесінің күйреуіне түрткі болған маңызды оқиға еді. 1940-1956 жылдар аралығында «СТЕПЛАГ» арқылы 60 мыңнан астам адам өтті, олардың қатарында ғалымдар, дін қызметкерлері, жазушылар мен қарапайым еңбек адамдары болды. Лагерь 1956 жылы ресми түрде таратылды. Бүгінде оның орнындағы естелік белгілер мен музей экспозициялары арқылы тарих сақталып отыр.

1954 жылғы 10 маусымдағы СТЕПЛАГ тұтқындарының  құрамы (бөлім бастығы – полковник Савченко деректері бойынша), лагерьде барлығы 20698 тұтқын болған, оның ішінде 16 677 ер адам және 4 021 әйел. Тұтқындар ұлты бойынша төмендегідей бөлінген:

  1. Орыстар – 2661
  2. Украиндар.– 9596
  3. Белорустар.– 878
  4. Әзербайжандар.– 108
  5. Грузиндер.– 132
  6. Армяндар.– 154
  7. Түрікмендер.– 76
  8. Өзбектер.– 204
  9. Тәжіктер.– 54
  10. Қазақтар.– 291
  11. Қырғыздар.– 50
  12. Литвалықтар.– 2690
  13. Латыштар.– 1074
  14. Эстондар.– 873
  15. Татарлар.– 127
  16. Башқұрттар.– 9
  17. Удмурттар.– 20
  18. Шешендер.– 124
  19. Ингуштар.– 56
  20. Еврейлер.– 174
  21. Молдавандар.– 208
  22. Финдер мен карелдер.– 16
  23. Немістер.– 359
  24. Поляктар.– 379
  25. Румындар.– 24
  26. Ирандықтар.– 18
  27. Ауғандар.– 8
  28. Моңғолдар.– 2
  29. Қытайлар.– 55
  30. Жапондар.– 30
  31. Кәрістер.– 52
  32. Гректер.– 21
  33. Түріктер.– 8
  34. Басқалары.– 167

 

Дереккөздер

  1. ҚР Орталық мемлекеттік архиві, қ.940, т.1, іс 38.
  2. Gulag.online (Чехия экспедициясы).

3.«Қазақстандағы лагерьлер жүйесі» // ҚР ҒА Тарих институты, 2019.

  1. Дулатбеков Н. О. СТЕПЛАГ. КСРО II Степной лагері тарихының очерктері (1948-1956 жж).-808 б.