| АЙТУАРОВ ЖАРЫЛҒАП – «Жетіқоңыр» ұжымшарының аға шопаны, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1966 жылғы Жарлығымен «мал шаруашылығын дамытудағы ет, сүт, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындауды ұлғайтудағы жетістіктері үшін» Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, Ленин орденімен және «Балға мен орақ» алтын медалімен марапатталды. | |
| БЕРДЕНОВ МЫҢБАЙ – «Алғабас» кеңшарының аға шопаны, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1982 жылғы Жарлығымен «Мал шаруашылығын дамытудағы, ет, сүт, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындауды ұлғайтудағы жетістіктері үшін» Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, Ленин орденімен және «Балға мен орақ» алтын медалімен марапатталды. | |
| БЕСЖАН САҒЫНТАЕВ – 1900 жылы қазіргі Жаңаарқа ауданы Түгіскен селолық округіне қарасты жерде туған.ҰОС-на қатысушы. Социалистік Еңбек Ері (1948ж). Еңбек жолын 1936ж. Жамбыл облысы Сарысу ұжымшарында мал бағудан бастаған. Соғыстан кейін де малшы болып еңбек еткен. Өмірінің соңына дейін Қызылжар ауылында тұрды. Б.Сағынтаевтың есімімен Қызылжар кентінде көше аталады. | |
| ЕСЕНЖОЛ ЗӘЛИЕВ (1930-2003) – 1930 жылы Жаңаарқа ауданында туған. 13 жастағы Есенжол еңбек жолын Сталин ауданындағы «Октябрькөмір» тресіндегі 44/45 шахтада бастап, 1950-54жж. міндетті әскерлік борышын өтеп келген соң да шахтаға қайта оралған. 1962 жылы «Құрметті шахтер», 1966 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған. 1970 жылы СССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. | |
| ЖӘКЕН РҮСТЕМОВ (жанама есімі – Бейсек) (1908-1995) – Ақтау болысының 4-ауылында туған. 1929-33жж. жер қазушы, тас қалаушы, 1933-41жж. №18 шахтанынң көмір құлатушысы, тұтандырушысы, 1941-72жж. тау-кен шебері, учаске бастығы. V бесжылдықта көмір өнеркәсібін дамыту ісіне аса көрнекті табыстарға қол жеткізген. VI-сайланған. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгімі» ордендерімен марапатталған. 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. | |
| ЖҰМЫРТҚИНОВ АБАЙДІЛДА – «Бірлік» колхозының аға шопаны, 1947 жылы 440 құйрықты қойдан 514 қозы өсіріп, әр қозының орташа салмағын 40 келіге жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, Ленин орденімен және «Балға мен орақ» алтын медалімен марапатталды. | |
| ҚАЙРОЛЛА БАЙҒАБЫЛОВ (1912-2004) – агроном, Социалистік Еңбек Ері (1957). Омбы ауылшаруашылық институтын бітірген (1934). Солтүстік Қазақстандағы Майбалық МТС-де аға агроном (1934-1936), Қарағанды облыстық жер бөлімінде агроном-экономист (1941), Жаңаарқа, Ақтасты МТС-де директор (1941-1958), кеңшарлар тресінің директоры, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің жұмысшыларды жабдықтау облыстық басқармасы бастығының орынбасары, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау облыстық басқармасының бөлім бастығы (1958-1964), Шет ауданы ауыл шаруашылығы басқарамсының бастығы (1965-1967), Қарағанды облыстық ауыл ауылшаруашылығы басқармасының бас агрономы (1967-1872), механикаландырылған орман шаруашылығының директоры (1972-1975) болып істеді. Қазақстан Компартиясы Х съезінің делегаты, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері. | |
| ОСПАН ӘЛІБАЕВ (1908-1971) – Жаңаарқа жеріндегі Түгіскен ауылында туған. 1926 жылы «Қосшы» ұйымына мүше болып, Түгіскенде егіншілікпен айналысқан. 1935 жылы Маркс колхозына мүше болып, 1936 жылы Мәскеуде өткен колхозшылардың ІІ-съезіне делегат болып қатысып, «Еңбектегі ерлігі» медалімен марапатталған. 1941 жылы әскерге алынып, Қарағандыға шахтада жұмыс істеуге жіберген. №1 шахтада істеп «Құрметті шахтер» атағын алған. 1946 жылы өз колхозына келіп мал баққан. 1948 жылы бағымындағы саулықтың әр 100-нен 126-дан қозы өсіріп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Сол кезде Одақ бойынша 7156-шы, Қазақстан бойынша – 43 және Жаңаарқа ауданы бойынша бірінші Социалистік Еңбек Ері атағын алған адам екен. | |
| САТАН НҰРҒОЖАҰЛЫ ЫСҚАҚОВ (1928-1999), шопан. Социалистік еңбек ері (1975), ҚазКСР еңбек сіңірген қызметкері (1970). VIII сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған. 1966 жылы өз алдына дербес отар алып, аға шопан атанады. Бағымындағы қылшық жүнді қазақы қойдың әр жүз саулығынан 1970 жылы 140-тан, ал 1975 жылы 150-ден қозы алды. | |
| СҮЛЕЙМЕНОВА ГҮЛБАНУ ТӨЛЕНҚЫЗЫ – Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің күміс медалі, БЛКЖО-ның бірнеше төсбелгісімен, мақтау грамоталарымен марапатталған. Аудандық, облыстық атқару комитеттерінің және Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің 11 шақырылымының депутаты (1985-1990жж). | |
| СЫЗДЫҚОВ ӘБІЛҚАС (1928-1997) – «Байқоңыр» кеңшарының аға шопаны, 1949 жыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Социалистік Еңбек Ері, Бүкілодақтық, республикалық, облыстық социалистік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Ленин» орденінің, Жұлдызды қалашықтағы Ю. Гагарин атындағы жүлденің иегері, Жезді ауданының Құрметті азаматы. | |
| ТУРЖАНБАЕВ КЕРИМБЕК (1910-1991) – «Бірлестік» колхозының меңгерушісі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен 1947 жылы малдың жоғары өнімділігіне қол жеткізгені үшін Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. | |
| ТІККӨЗОВ ӘЗІМБАЙ — «Жетіқоңыр» кеңшарының аға шопаны, 1947 жылы 430 құйрықты қойдан 525 қозы өсіріп, әр қозының орташа салмағын 45 келіге жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен және «Балға мен орақ» алтын медалімен марапатталды. | |
| ШАЛҒЫНБАЙ ЫНТЫҚБАЕВ – 1936 жылы Жаңаарқа ауданы Өркендеу ауылында туған. Озат шопан, «Батыр ауылы» шаруа қожалығының жетекшісі. Жаңаарқа ауданының құрметі азаматы. 1953 жылдан Өркендеу ұжымшарында, 1964 жылдан Ақтау кеңшарында қой баққан. 1964 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1965 жылы әр 100 саулықтан 113-тен қозы алған. 1966 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алып, «Алтын жұлдыз» және Ленин орденімен құрметтелген. | |
| ЫДЫРЫС ЖҰМАБЕКОВ (1926-2008) – Жаңаарқа ауданының 8-ауылында туған. 1963 жылы Ақмола зооветтехникумын, 1976 жылы Ақмола ауылшаруышылығы институтының ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Қарапайым еңбек жолынан өткен ол Жаңаарқа аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасының орынбасары, Еңбек Қызыл Ту орденді «Жеңіс» совхозының директоры, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық агроөндірістік бірлестігінің, Атасу поселкелік кеңесі атқару комитетінің төрағасы, аудандық агроөндірістік бірлестігінің кадр бойынша бас маманы қызметтерін атқарған. Отан соғысы және еңбек ардагерлері аудандық кеңесінің төрағасы, Социалистік Еңбек Ері, 2 мәрте Ленин орденінің, Алтын Жұлдыздың, Құрмет Белгісінің, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің және бірнеше медальдардың иегері. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің ҮІІ шақырылуының депутаты, КПСС ХХІІІ съезінің делегаты болып сайланған. Бірнеше рет Қарағанды, Жезқазған облыстық кеңестерінің, Жаңаарқа аудандық кеңесінің депутаты болған. |















