Жаңалықтар
Іс-шараға облыс және қала мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Таныстырылым барысында музей залдарына экскурсия жүргізілді. Атап өтсек: 1 зал — «Дәуірлер тоғысындағы Ұлытау», Өңіріміздің тарихи, табиғи даму кезеңдерінен бастап түрлі мәдениетке дейінгі экспозицияларды қамтиды. Палеонтология бөлімінде Алып мүйізтұмсықтың реконструкциясы, Жерасты пештің мильтимедиялық диорамасы көрсетілген. 2 зал — «Ұлытау ғасырлар шежіресі» — Ұлытаудың дала […]
2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейіне келіп, заман талабына сай жаңартылған, толықтырылған музей экспозияцияларымен танысты. Жөндеу жұмыстары аясында жасалған музей ғимаратының жаңаланған қасбеті мен абаттандырылған аумағын аралап, оң бағасын берді. Сонымен қатар, облыс басшысы заманауи талаптарға сай қайта жабдықталып, жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған жаңа экспозициялық залдарды тамашалады. […]
26 қараша күні Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Армия генералы, «Халық қаһарманы», Ұлытау облысының Құрметті азаматы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өтті. Шара Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Қарулы Күштерінің абыройын арттыруға елеулі үлес қосқан, елдің қорғаныс қуатын нығайтқан қаһарман тұлғаның өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп ұлықтау. Жиынға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, Ұлытау облысының Қорғаныс істері департаменті мен қызметкерлері, «Тәжік–Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері», «Чернобыль жаңғырығы» ұйымдарының өкілдері, ҚР Қарулы Күштері Республикалық Ардагерлер ұйымының Ұлытау облысы бойынша төрағасы, Ішкі істер органдарының Құрметті ардагерлері, батырдың туысы – ІІО құрметті ардагері Қайдарбек Абдырайымұлы Ержанов, ақын-әншілер, курсанттар, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты. Шараны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Д.Б. Алшынбаева ашты. Қонақтар назарына Мұхтар Қапашұлының өмір жолы мен қызметі туралы бейнебаян ұсынылды. Құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін: — Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ербол Серікұлы Уткелбаев, – Қазақстанның Құрметті металлургі, […]
18 қараша күні «Қазақстан Халық Партиясы» Ұлытау облысы бойынша филиалы мен Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі бірлесе ұйымдастырған Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған қалалық конференция өтті. Іс-шараға партия филиалының өкілдері, колледж студенттері, БАҚ қызметкерлері және музей мамандары қатысып, Ш. Уәлихановтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен талқыланды. Аталған конференция — ұлы ғалымның мұрасын […]
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова қолөнер шебері, ҚР Мәдениет қайраткері Ерғазы Исатаевтың «Ұста мұрасы: шеберлік пен дәстүр» атты жеке көрмесін тамашалады. ❇️Көрмеде шебердің ұлттық дәстүрді жаңғырту жолындағы шығармашылық ізденісі, ағаш ою, темір соғу, тұрмыстық бұйымдарды көркемдеу және зергерлік өнердегі өзіндік қолтаңбасы кеңінен көрініс тапқан. ❇️Зина Жұманазарқызы қазақ ұсталығының терең тамыры мен рухын айшықтайтын бұл туындылардың үйлесімін ерекше атап өтіп, қолөнерді ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. ❇️Көрме таныстырылымы соңында музей басшысы Зағира Шорақызы шебердің шығармашылығына арналған «Ұста өнерінің сан қыры» атты кітабын Зина Жұманазарқызына естелік ретінде сыйға тартты.
Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейіне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова жұмыс бабымен келіп, жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Кездесу барысында экспозициялық залдарды жаңарту және толықтыру жұмыстарына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, жөндеу жұмыстарының сапасы мен музей экспозицияларының құрылымы үнемі назарда болатынын атап өтті.
2025 жылдың 21 қазан күні, Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде қолөнер шебері, ұста, зергер, суретші-реставратор, ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі Ерғазы Кеңесұлы Исатаевтың 60 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып, шебердің көпжылдық еңбегі мен ұлттық қолөнерді дамытудағы үлесіне арналды. Алғашқы құттықтау сөзді Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин арнады. Мерейтой иесіне жылы лебіздерін: Жезқазғанқалалықмәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, «Amanat» партиясыҰлытауоблыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, Ұлытауаудандықмәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітов, ҚР Қолөнершілеродағыныңмүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, “Үздік ұлттық киім дизайнері” сыйлығының иегері Тілек Сұлтан, Тарихшы, этнолог, ҚР Журналистеродағыныңмүшесі, “Ұлытау” телеарнасының жүргізушісі, “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігінің директоры Шәкен Тұрар Сәттарқызы білдірді. Кеш барысында шебердің өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнебаян көрсетіліп, оның туындылары қойылған «Ұста мұрасы: шеберлік пен дәстүр» […]
Ұстаздар күні қарсаңында және Ұстазға алғыс!» апталығы аясында Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде ерекше кездесу өтті. Жезқазған қаласындағы №13 мектеппен бірлесе ұйымдастырылған «Мұғалім: кеше, бүгін, ертең» атты шара ардақты ұстаздарға арналды. Басты қонағымыз – өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, үздік педагог, шебер ұстаз Ералиева Гүляйша Саурбайқызы. Ол кісінің жүріп өткен еңбек жолы – […]
27–29 қыркүйек күндері Ұлытау облысында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияның салтанатты ашылуында алғашқы құттықтау сөздерді Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков пен Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті А.Райымқұлова сөйледі. Ғылыми бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, секциялық мәжілістер өтті. Пленарлық мәжілісте мына тақырыптар қарастырылды: «Алтын Орда жәнеЖошыұлысы кезеңіндегі мемлекеттілік пен тарихи-мәдени процестер» «ХІІІ–XIV ғасырлардағыТүркіәлемінің музыкалық-фольклорлық мұрасы мен рухани құндылықтары. Күйші-сазгер Кетбұқа бидің тарихи-мәдени мұрасы» Конференция қонақтарына арналған экскурсия бағдарламасы ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар Жошы хан кесенесіне, Домбауыл мен Алашахан кесенелеріне барып, Жошы хан тарихи-мәдени кешенінде «Талмас-Ата және Болған-Ана тарихы мен мұрасы» атты көрмені тамашалап, конференция қонақтары Ұлытау өңірінің бай мәдениетімен кеңінен танысты. Конференция нәтижесінде түркі өркениетінің ортақ құндылықтарын насихаттайтын маңызды ғылыми тұжырымдар қабылданып, Жошы ханның мұрасы әлемдік деңгейде тағы бір мәрте ұлықталды. Ұлытау […]
Ғылыми жұмыста Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері И.Казмадиярова музей қорындағы нумизматикалық материалдарды зерттеді. Жошы ұлысы, Қараханидтер мемлекеті және Сарайшық қаласынан табылған көне монеталар – ғасырлар қойнауынан жеткен құнды жәдігерлер. Зерттеу барысында олардың шығу тегі, соғылған уақыты, қолданылған металл құрамы мен ерекшеліктері айқындалды. Бұл зерттеу – тек монеталардың тарихы ғана емес, сол дәуірлердегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың сырын ашатын құнды дерек. Музей қорындағы нумизматикалық экспонаттардың маңызы артып, келушілерге ортағасырлық Қазақстан тарихын жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Әрбір көне теңге – өткеннің үнсіз куәсіндей музей қоры үшін ерекше құндылық.
