Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында музей қабырғасында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған өлкенің шежірешісі» атты библиодесант өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтің туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесіп музейлік сабақ өткізіліп, қатысушыларға тұлғаның өмірі мен еңбектері кеңінен таныстырылды.

Толығырақ

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай «Жезқазған – Қазақстанның мысты інжу-маржаны» атты дәріс-сабағы өтті. Аталған шараға №8 гимназияның 9-сынып оқушылары қатысып, Жезқазған өңірінің табиғи байлықтары, өлкеміздің геологиясы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы кеңінен таныстырылды. Дәріс соңында оқушылар музей залдары бойынша экскурсияға қатысып, тарихи жәдігерлермен танысты. Танымдық шара оқушылардың туған өлке тарихына және ғылымға деген қызығушылығын арттырды деп сенеміз.

Толығырақ

12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш миссиясы: белгісізге қадам» атты квест-ойыны Ғарышкерлер бақжолында өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын ояту. Қатысушылар квест барысында түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады, ғарыш әлемінің сырларына бір табан жақындай түсті. Аталған шара қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығы мен Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналды.

Толығырақ

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде «Отырар мұрасы: қалалық мәдениет, ғылым және руханият» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Аталған көрме Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бірлескен жобасы ретінде ұйымдастырылды. Бұл көрме аясында «Отырар» музей-қорығы тарапынан 280-ге жуық бірегей экспонат ұсынылып, келушілерге көне Отырар өркениетінің бай мұрасымен танысуға мүмкіндік жасады. Салтанатты шара барысында арнайы қонақтар сөз сөйлеп, көрменің маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, қоғам қайраткері, «Кіші Жібек жолымен» экспедициясына қолдау көрсеткен Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы көрменің тарихи және рухани мәніне ерекше назар аударды. Шара барысында Ұлытау мен Отырар өңірлерінің тарихи сабақтастығы, Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени және ғылыми байланыстары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, мәдени бағдарлама ұсынылып, көрермендер ұлттық ән-күйден рухани әсер алды. Іс-шараның маңызды сәті – көрменің ашылуын білдіретін лента қию рәсімі болды. Лента қию құрметін: – қоғам қайраткері Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы, – […]

Толығырақ

Белгілі фотосуретші, ұлағатты ұстаз, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Бекет Ахметұлы Түбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН БЕКЕТ ТҮБЕКОВ» атты көрме және еске алу шарасы облыстық музейде жоғары деңгейде өтті. Шара аясында қонақтар алдымен Бекет Түбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалап, оның фотоөнердегі қолтаңбасымен, тарихи сәттерді бейнелеген бірегей туындыларымен танысты. Мәжіліс залында жалғасқан еске алу кешінде Бекет ағаның өмір жолы мен еңбегі кеңінен насихатталып, арнайы дайындалған бейнефильм көрсетілді. Кеш барысында әріптестері, замандастары, шәкірттері мен туған-туыстары сөз алып, тұлғаның азаматтық болмысы, ұстаздық ұстанымы және фотосуретшілік қыры туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Бекет Түбековтің ұлттық руханиятқа қосқан үлесі, өлке тарихын фото арқылы сөйлеткен еңбегі ерекше атап өтілді. Шара барысында әсем әндер шырқалып, ақындар жыр арнап, кеш мазмұнын тереңдете түсті. Еске алу кешінің соңында марқұмның рухына Құран бағышталып, жиналған көпшілік тағзым етті. Бекет Ахметұлының артында қалған мол мұрасы – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына. Осындай игі шаралар арқылы тұлға тағылымы ұлықталып, есімі ел жадында жаңғыра беретіні сөзсіз.

Толығырақ

Іс-шараға №1 ЖББ мектебінің 5 “А” сыныбы оқушылары сынып жетекшісі Толықбаева Мархаба Болатқызымен бірге қатысты. Сабақ барысында оқушылар зиянды әдеттердің адам өміріне тигізер кері әсері туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын сурет арқылы жеткізді. Балалардың салған суреттері – олардың салауатты өмір салтын таңдауға деген ұстанымының айқын көрінісі. Белсенді қатысқан оқушыларға музей атынан кішігірім сыйлықтар табысталды. Өскелең […]

Толығырақ

ҚР Ұлттық музейінде суретші-реставратор, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, музей ісінің үздігі Ерғазы Кеңесұлы Исатаевтың «Ұста мұрасы: дәстүр мен шеберлік» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі ұсталық және қолөнер мәдениетін насихаттау, тарихи мұраның маңызын кеңінен таныстыру және ұлттық қолөнер дәстүрінің сабақтастығын көрсету. Экспозицияның идеясы – ата-бабадан жеткен шеберлік пен ұлттық кодты бүгінгі заманмен ұштастыра отырып, көшпелі өркениеттің бай рухани және материалдық мұрасын көрерменге жеткізу. Көрмеде автордың тарихи реконструкциялары, этнографиялық туындылары және авторлық композициялары ұсынылған. Экспозицияда батырлардың қару-жарақтары мен сауыт-саймандары, ат әбзелдері, құсбегілік құралдары, тұрмыстық бұйымдар мен зергерлік жұмыстар қойылып, қазақ халқының металл, ағаш және былғары өңдеу өнеріндегі шеберлігі айқын көрініс тапқан. Ерғазы Кеңесұлы Исатаев – ұлттық қолөнерді жаңғыртуға елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі шебер, суретші-реставратор. Ол ұзақ жылдар бойы тарихи жәдігерлерді зерттеп, археологиялық деректерге сүйене отырып, көне бұйымдарды ғылыми негізде қайта жаңғыртып келеді. Шебердің еңбектері ұлттық мәдени мұраны сақтауға және оны келер ұрпаққа танытуға бағытталған. «Ұста мұрасы: дәстүр мен шеберлік» көрмесі – дәстүрлі өнер […]

Толығырақ

«Балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК «Сәндік қолданбалы және көркем өнер» бөлімі мен Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі бірлесіп ұйымдастырған талантты ұстаз, үздік педагог Жұмабек Біләлұлы Тукеновтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ рухын қылқаламмен өрнектеген…» атты сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның шымылдығы Сағынтаева Тоғжан Ердешовнаның жетекшілігіндегі «Балдәурен» домбыра үйірмесінің күмбірлеген күйімен ашылды. Көрмеде қылқалам шеберінің жеке туындылары мен шәкірттерінің үздік 100 жұмысы ұсынылды. Бұл – ұстаздың жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жарқын жемісі. Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, жүрекжарды лебіздер жолданды. Атап айтқанда: Жезқазғанқаласыбілім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Күнеділова Ләззат Асановна; Ұлытауоблыстықтарихи-археологиялық музейінің басшысы Зағира Шорақызы; Мерейтойиесініңағасы Жұмабай Біләлұлы; Әріптестері мен ата-аналарқауымы. Көрменің салтанатты ашылу лентасын Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің басшысы Зағира Шорақызы, Жұмабай Біләлұлы және білім бөлімінің кәсіподағының төрайымы Күнеділова Ләззат Асановна қиып, өнер кешіне ерекше мәртебе берді. Музыкалық және шығармашылық нөмірлермен өрілген тағылымды кеш соңында қонақтар суретшінің еңбектерімен танысып, рухани әсер алды. Ұлт рухын қылқаламмен сөйлеткен ұстазға шығармашылық табыс, толайым жетістік және мықты денсаулық тілейміз!

Толығырақ

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен 6–20 ақпан аралығында музей қорында сақталған сағаттардан құралған «Сағаттар сыры» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға мәдениет саласына қарасты мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, музей мамандары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ әр жылдары музей қорына сағат сыйға тартқан азаматтар мен олардың туыстары қатысты. Көрменің мақсаты – өңір мен қала тарихында өзіндік орны бар тұлғаларға тиесілі, сондай-ақ қала тұрғындары сыйға тартқан қалта, қол, қабырға және алқа сағаттардан құралған музей коллекциясын көпшілік назарына ұсыну. Көрмеге музейдің коллекциялық қорында сақталған, 1940–1950 жылдардан бастау алатын түрлі мақсаттағы 74 сағат қойылды. Олардың қатарында елімізге, өңірімізге танымал тұлғаларға тиесілі бұйымдар бар. Сондай-ақ көрмеде музейдегі ең көне жәдігер – «Павел Буре» механикалық қабырға сағаты ұсынылды. «Павел Буре» – XIX–XX ғасырлар басында Швейцария мен Ресейде жұмыс істеген, жоғары […]

Толығырақ