«Paleo Quest: алыптың ізі» палеонтологиялық практикалық танымдық сабағында №22 мектептің оқушылары Қазақстан аумағында өмір сүрген ең алып құрлық жануары – парацератерийдің құпиясын зерттеді.
Квест барысында балалар:
Музей залында алып мүйізтұмсықтың табан сүйегін зерттеді;
Қазба алаңында қылқаламмен «сүйектерді» тауып, құпия шифрді шешті;
«Мұзды капсулаларды» жылы су мен тұздың көмегімен ерітіп, ішіндегі ежелгі жануарды құтқарды
Ең бастысы, балалар палеонтолог пен археологтың айырмашылығын қызықты ойын арқылы біліп алды. Көздерінде жалын ойнаған жас зерттеушілеріміз үйлеріне ұмытылмас әсермен қайтты.





