Музей қабырғасында «Балғын бағытшы» жобасы аясында №3 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне «Speaking Lab» форматындағы «Мен экскурсия жүргізушімін!» атты ерекше сайыс өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған кәсіби гид Мұхамбетов Сағадат балалармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, гид қызметінің қызығы мен қиындығы толы кәсіби сәттермен бөлісті. Өз белсенділігімен ерекшеленген Өмірзақ Әділге Сағадат Болатұлы кітапты сыйға тартты.
Шара барысында кішкентай қонақтарымыз жай ғана тыңдаушы болып қоймай, арнайы дайындалған интерактивті тапсырмаларды орындады. Ең бастысы, бүгінгі сайыстан кейін балалар екі маңызды мамандықтың – гид пен экскурсия жүргізушінің айырмашылығын білді.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушы екі топқа арнайы сый-сияпаттар үлестіріліп, балалардың білімге деген құштарлығы ынталандырылды.
«Балғын бағытшы» жобасына қатысушылар Абдикаримова Амина, Өмірзақ Әділ, Өмірзақ Дінмұхаммед, Сағат Ақниет, Тиль Ангелина және Досанова Диана өз ойларымен бөлісті.





