Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Биыл Астанада 8-13 қыркүйек аралығында бүкіл әлем көз тіккен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті.

Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келді. Шет елден келген туристерге қазақы мәдениетті таныстыру мақсатында аталған шараға спортшылардан бөлек, мәдениет өкілдері, қолөнершілер, сахналық қойылымдар шеберлері қатысып, еліміздің әр өңіріне жеке көрме ұйымдастыру жоспарланған.

Осы мақсатта Ұлт ұясы Ұлытаудан облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен және оған қарасты мекемелердің қатысуымен Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі сан мың жылдан жиналған экспонаттарымен көрме құруға елордамызға аттанды. Киіз үйлер тігіліп, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді насихаттайтын көне экспонаттарды таныстырды.

Елорда төрінде өткен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде ұйымдастырылған Ұлытау облысының атынан құрылған көрмелерге Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қорындағы сан мың жылдық көне экспонаттар, тарихи жәдігерлер қойылды.

Елімізге түкпір-түкпірден кеп жатқан туристерге де біздің көрменің ең басты ұнаған ерекшелігі де осында — нағыз көшпенділердің тұрмыс-салтын, мәдениетін паш ететін экспонаттар көпшілік көңілінен шыға білді. Туристер көрмедегі жәдігерлерге тамсана қарап, тамашалап, өз ризалығын жеткізіп жатты. Себебі, салт-дәстүрді, көшпелі өмірдің тұрмысын бейнелейтін құндылықтар ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.

Көрмеге Ұлытау облысы атынан облыстық тарихи-археологиялық музейінің қолөнер шеберлері аттанды.

Бүкіл әлем көз тіккен дода кезінде темірден түйін түйіп, тоқыма, мата, жүннен түрлі бұйымдар жасап, нағыз көшпелі халықтың тұрмысын таныстырды. Бүгіннің өзінде бірнеше келушілердің қызығушылықтары артып, ұлттық қолөнерге деген ерекше ықыластарын білдіріп жатты.