Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 29 сәуір күні Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Қ.М.Мәкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ардагер алған асулар» атты көрме өтті.

Көрменің мақсаты — Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес ардагеріміз Қалкен Мәкенбайұлы Мәкенбаевтің асқақ рухына деген ұрпақ тағзымы.

Іс-шараға көрме қонақтары ретінде Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары М.Ф.Мұқажанов, Қазақстанның құрметті журналисі Б.Т.Мырзабеков, «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның құрметті металлургі Т.Н.Бүкіров, Ұлытау облысының Қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Е.С.Өткелбаев, Жезқазған қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.С.Қазанбаев, Ұлытау облысы және Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» облыстық орталық мешітінің бас имамы Б.Б.Жансарин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері, Халық әртісі Д.Ә.Жанботаев, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.О.Қапарова, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты С.С.Жумкина, ҚР еңбек сіңірген әртістері С.К.Оспанов, Ғ.Мұхамедин, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.К.Шомаева, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Р.Н.Идирисова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Ө.Шоқтаев қатысты.

Сонымен қатар, Қалкен Макенбаевтың жақындары, атап айтсақ інісі Әмірбеков Бекболат, қызы Макенбаева Алмагүл Қалкенқызы мен Шарбат Қалкенқызы қатысып, музей ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

“Ардагер алған асулар” атты іс-шара барысында Қалкен Мәкенбайұлы жайлы көзкөрген естеліктер, ардагер атқарған абыройлы қызметтері жайлы сөз қозғалса, майдан кезіндегі қарулас серіктерімен түскен фотолары, көзі тірісінде қызмет еткен “Ұлытау” ансамблі кезіндегі суреттері көрермен назарына ұсынылды.

Шараға арнайы келген қонақтар сөз алып, небір есте қалған жылдар естелігін айтып, батырдың ұрпақтарына амандық тіледі.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек және соғыс ардагері, орденді қайраткер, руханият саласының абызы Қалкен Мәкенбайұлының рухына арналған тағзым шарасына жиналған қонақтар естелік суреттерге түсіп тарқасты.