21 мамыр — мәдениет және өнер қызметкерлер мерекесі Ұлытау облысы тарихи-археологиялық музей қызметкерлері үшін ерекше өтті.
Атап айтсақ, музейдің экспозиция бөлімінің басшысы, қолөнер шебері Өтеген Ахмет ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі атынан “Еңбек ардагері” медалін иеленсе, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен музей басшысының орынбасары Шарапат Әбілдақызы, Алғыс хатымен музейдің аға ғылыми қызметкері Айдана Ерденқызы марапатталды.
Сондай-ақ, музейдің ғылыми қызметкері, қолөнер шебері Кешубай Хамитұлы Жезқазған қаласы әкімдігінің “Жылдың үздік музей қызметкері” номинациясын иеленді.