Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен, Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 қыркүйек күні Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің көрме залында мемлекет және қоғам қайраткері, репрессия құрбаны болған, дауылпаз ақын, қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас орны бар С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен салған ізбенен…» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жылжымалы көрменің басты мақсаты: жалынды жазушы, күрескер тұлғаның саусақтарының табы қалған бұйымдар, көптеген жеке заттарымен таныстыру.

Сұңқар Сәкеннің әдеби-мәдени тарихымызда қалдырған ізі мен өмірбаянын насихаттау болып табылады.

Көрмеге қаламыздың басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың және ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлері, БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері қатысты.

Жылжымалы көрменің ашылу рәсімінің алғы сөзі мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының менеджері Салтанат Сүлейменқызы Нұрлыбаеваға берілді.

Іс-шараға қаламыздың өсіп өркендеуіне, дамуына өз үлестерін қосып жүрген Ұлытау облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожамсеиітов Сағындық Үсенұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі Амандық Рахұлы, М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің басшысы З.З.Қазамбаева қонақ ретінде қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Артынша Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ерболат Берікұлы Шубаев сөз алып жылжымалы көрменің бағыт-бағдарымен жиналған көпшілікті таныстырып, жылжымалы көрме Ұлытау облысының қала, аудандары Сәтбаев, Қаражал, Жәйрем, Ұлытау, Жездіде өтіп, Жаңаарқа ауданындағы қортынды іс-шарасымен тәмамдалатынын атап өтті.

Сәкентанушы Серік Оспановтың орындауындағы «Сыр сандық» әні, Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облысының филармония әншілері Ғ.Мұхамединнің орындауындағы «Тау ішінде» әні, Б.Көшеновтың орындауындағы «Ұлытау» әні, А.Мұқышевтың орындауындағы «Бір келіншек» әні іс-шараның ажарын аша түсті.

«Сәкен салған ізбенен…» атты жылжымалы көрменің лентасын Ұлытау облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі Амандық Рахұлы, Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ерболат Берікұлы Шубаев қиды.

Көрменің лентасы қиылып, салтанатты түрде ашылған соң аталған музейдің экскурсия жетекшісі З.Ж.Утеуова дауылпаз ақын С.Сейфуллиннің қолы тиген экспонаттармен жан-жақты таныстырды. Көрмеде майлы бояумен салынған «Тау ішінде» атты картинкасы, линогравюрадан, тағы да басқа портреттерден, еңбектерінен және 4 стендтен («Сәкен Сейфуллин. Туыстары және арғы тегі», «Өсу жылдары», «Зұлмат жылдары», «Ел есінде») тұрады.

Көрменің салтанатты ашылу кешінің соңында қонақтар көрмені тамашалап, естелікке суреттерге түсіп тарқасты.