Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 13 мамыр күні Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде академик Ә.Марғұланның 120 жылдығына орай «Ұлттық археология мен этнография мектебінің негізін қалаушы» атты тарихи-танымдық музейлік сабақ өтті.

Сабақты музейдің ғылыми қызметкері Берік Рахимберлин өткізіп, қазақ археологиясының атасы Ә.Марғұлан жайлы терең тоқталып, жиналған колледж студенттеріне жан-жақты тарқатып берді.

Музейлік сабаққа Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің 2-курсындағы 258-ші мейіргер тобының студенттері мен аталған колледждің тарих пәнінің ұстазы О.Д.Қайырлен қатысып, Ә.Марғұланның Беғазы-Дәндібай мен Талдысайға жасаған экспедициясы туралы баяндау арқылы музейлік сабақтың маңыздылығын арттыруға өз үлесін қоса білді.

Бұл музейлік жоспарлы іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпаққа қазақ зиялыларын кең көлемдегі тұлғалық маңызын дәріптеу.

Музейлік тарихи-танымдық іс-шара барысында академик Ә.Марғұланның археологиялық экспедиция барысындағы суреттер мен ғалымның жеке құжаттары, археологиялық экспонаттары көрме ретінде қойылып, іс-шараға келушілерге археологиялық қазбадан табылған экспонаттарға шағын экскурсия жасалды.