Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күніне орай “Самади” гипермаркетінде Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі ұйымдастырған «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты танымдық жылжымалы көрме өтті. Шараға қала тұрғындарынан бөлек, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, облыстық әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Мұқажанов Медет Файзрахманұлы, Жезқазған […]

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен музейде «Туған өлке тарихының шырақшысы» атты өлкетанушы Сүтемген Бүкіров атындағы I Жас өлкетанушылары форумы өтті. Форумның мақсаты – Ұлытау — Жезқазған өңірінің қазыналы шежіресін тірнектеп жинақтаған өлкетанушы, археограф, музей ісінің негізін қалаушы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, […]

Ұлттық домбыра күніне орай Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Домбыра – қазақ халқының құнды мұрасы» атты тарихи-танымдық көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – халқымыздың қасиетті мұрасы саналатын домбыраның тарихы мен қазақтың тағдыры арасындағы терең байланысты көпшілікке таныту, ұлттық құндылықтарды насихаттау. […]

16 мамыр күні Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты маңызды акция өтті. Шара мақсаты — музей қорын құнды жәдігерлермен толықтыру. Іс-шараны Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Табылдин Мағжан Еренғайыпұлы ашып, музей ісінің маңыздылығы туралы жылы лебізін білдірді. Шара барысында музейдің тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Акция барысында […]

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ұлытау петроглифтері» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл күн 1982 жылы ЮНЕСКО құрған Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау жөніндегі кеңестің Ассамблеясымен қоғамның назарын әлемдік мәдениетті қорғауға және сақтауға аудару […]

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 29 сәуір күні Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Қ.М.Мәкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ардагер алған асулар» атты көрме өтті. Көрменің мақсаты — Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес ардагеріміз Қалкен Мәкенбайұлы Мәкенбаевтің асқақ рухына […]

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде жоспар бойынша “Адал ұрпақ: Сыбайлас жемқорлық ұғымы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру, адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Дөңгелес үстелге Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратұлы, “Бірлік” волонтерлық ұйымының мүшелері, музей қызметкерлері қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары […]
2024 жылы 12 желтоқсанында Жезқазған қаласында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Ұлытау облысының Тарихи-археологиялық музейімен бірлесіп Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанатын өткізді. Көрменің мақсаты – Қазақстанды Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының мұрагері ретінде, екінші жағынан, сол кезеңнің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтап отырған мемлекет […]
Қазан айының 10 жұлдызында «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, «Қазақстандық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен медицина ғылымдарының кандидаты, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Еңбек сіңірген дәрігері, “Еңбек ардагері” төсбелгісінің иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Мұқанов Өмірбек Мұқанұлын еске алуға арналған «Ұлытау — ғылым, білім және тәжірибе шыңы» атты республикалық […]
Ұлытау өңірінен табылған археологиялық қыш бұйымдар түрлерін жас өлкетанушыларға таныстыру үшін олардың тарихы, даму барысы, сипаттамасын, дайындалу жолдарын насихаттауды жөн көріп, “Қыш ыдыстағы өрнектер” атты музейлік сабақ өтті. Мақсатымыз – қыш бұйымдардың тарихи дерек ретіндегі маңызы жөніндегі ақпараттарды оқушыларға жеткізу, мәдени мұрамызды сақтауға деген көзқарасты қалыптастыру. Музей қорындағы қыш ыдыстар коллекциясы таныстырылды. Өрнектердің мотивтері, символдық […]