Өлке тарихы мен мәдени мұрасымен танысу мақсатында облыстық музейге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Кэти Коттрелл арнайы келді.
Экскурсия барысында қонақ музейдің экспозициялық залдарын аралап, Ұлытау өңірінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихымен, археологиялық ескерткіштерімен, өңірдің геологиялық байлығымен және Ұлытау–Жезқазған аймағын зерттеп, игеруге үлес қосқан алғашқы геологтардың, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған экспозициялармен танысты.
Экскурсияны музейдің тарих және археология бөлімінің басшысы Эльвира Мухамедина жүргізді.
Кездесу соңында Кэти Коттрелл музейдің Құрметті қонақтар кітабына өз әсерін жазып, музей ұжымына жылы лебізін білдірді.




