Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризмнің алдын алу – қоғамның ортақ міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – терроризмнің алдын алу мәселесіне назар аудару, музей қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі сабырлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара аясында «Музей қызметкерінің 5 қадамы» қағидасы таныстырылып, қауіпсіздікке бейжай қарамау, қырағылық таныту, күдікті жағдайды дер кезінде хабарлау және арнайы қызметтердің нұсқауын орындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Шараның қорытынды бөлімінде «Қауіпсіздік қалқаны» атты интерактивті рефлексия ұйымдастырылды. Қатысушылар стикерлерге «Мен қауіпсіздік үшін…» деген сөйлемді жалғастырып, өз ойлары мен жауапкершілік ұстанымдарын жазды. Осылайша әр қызметкердің пікірі ортақ «Қауіпсіз музей» идеясын қалыптастыратын символдық қалқанға айналды.
Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Әр адамның қырағылығы мен жауапкершілігі – қоғам тыныштығының маңызды кепілі.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!





